Ұлытау Өскемен қаласында

12.07.2011

8-маусым күні «Восток» стадионында, қалалық Әкімдіктің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай  «Ұлытау» тобының концерті өтті.

Концерттің құрметті қонақтары ретінде Қарақат, Қыдырәлі Болманов және Әлихан өнер көрсетті.

Қала тұрғындары үшін топтың концерті естен кетпейтін әсерлі оқиғаға айналғандай. Стадионда ине шаншитын орын болмады. Бұл салтанатты шара қала әкімі Ислам Әбішевтің қодауымен іске асқан еді.

«Мені олардың этно-рок деп аталатын бағыттары қызықтырады. «Ұлытаудың» орындауында қазақ классиктерінің туындылары дүниеге қайта келетіндей», - облыс орталығының басшысы осылайша өзінің жылы лебізін білдірді.

«Ұлытау» тобынан еркеше дарын байқалады, олар бізді шығармаларды виртуозды орындауымен баурап алатындай...

 

  • В настоящий момент комментариев нет.
  • Зарегистрируйтесь или пройдите авторизацию, чтобы оставлять комментарии.

Случайное фото

Будь в курсе

Rus Eng Kaz