Жаңалықтар       
29.08.2010

Конституция күнімен құттықтаймыз!

Барша қазақстандықтарды 31-тамыз Конституция күнімен құттықтаймыз! Еліміздің азаттығы мәңгілік болсын! Әр отбасына ынтымақ, береке, бақыт тілейміз!          Құрметпен,"Ұлытау" тобы

 

толығарақ >>

05.08.2010

Сардиния аралында демалып қайтпақ

«Ұлытау» тобы кезекті гастрольдік сапармен Италия еліне ұшып кетті. Италиялықтарға қазақ және әлемдік классиктердің шығармаларын тарту еткен соң, жаздың жайма шуақ күндерінің аяқталып келе жатқанын ескере отырып, ұлытаулықтар мен топ продюсері Қыдырәлі Болман Сардиния аралында демалып қайтпақ.

толығарақ >>

30.07.2010

«Ұлытау» тобы Түркияда

Осы аптада «Ұлытау» тобы кезекті ән сапармен Түрік мемлекетіне барып, Анталияда концерт беріп қайтты. «Ұлытау» тобы - бүгінде архитектуралық ескерткішке айналған көне Амфитеатрда, Жерорта теңізінің жағалауында арнайы құрылған сахнада, аталмыш қаланың клубтарының бірінде концерттер берді.Ұлытаулықтардың өнерін тамашалауға келген түрік ағайындар мен қонақтар өз алғыстарын жаудырып жатты. Ал, Түркияның үлкен телеарналарының бірі ТРТ «Ұлытаудың» концертін екі сағат тікелей эфирден берді.

толығарақ >>

 

Мен Өскемен қаласында туылдым. 1993 жылы № 29 орта мектепті бітіріп, «дирижер-хоршы» классы бойынша музыкалық колледжге түстім. Осы сәттен бастап рок-музыкаға шындап қызыға бастадым, бәрін тыңдадым десем болады ( «Metallica», «Manowar», «Megadeath», «Pink Floyd», «Bon Jovi», «Aerosmith» топтарын), джаз-рокты да тыңдадым (Benson, Jordge Dyk, Joe Simpl). Күндіз оқуда жүріп этюдтарды, сонаталарды ойнайтынмын, ал кешке мейрамханада қосымша табыс тауып жүргенімде таңдау болмайтын.

 

1997 жылы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетіне «Хор дирижері және музыка пәнінің мұғалімі» мамандығына түстім, қосымша түрлі топтарда өнер көрсетіп жүрдім. Музыканың түрлі бағыттарын ойнадық: рок-н-ролл, джаз-рок. Есте ерекше қалғаны «Ревит» тобы, көбіне рок-н-ролл мен  блюзді ойнайтын. Көңіл көтерудің шеберлері еді, еске алатындай талай қызық болды.

 



2005 жылы Алматыға көшіп келдім, сол жылдары менің «Ұлытау» тобындағы өнер жолым басталды. Топта біз тек жай ғана әріптестер ретінде ғана емес, сонымен қатар жақсы доспыз. Бос уақыт табыла қалса, жиналып балық аулауға немесе кәуәп жеуге барамыз. Табиғат бір ғажап дүние емес пе, тек демалып қана қоймайсың, сонымен қатар, бойыңа қуат аласың, соның салдарынан жұмысқа жаңа күшпен, шығармшылық идеямен асығасың.

 

Жұлдызы – Егіздер.

 

Сүйікті тағамы – украиналық борщ, варениктер, құс еті, суши.

 

Ұнататын түсі – қара, көк.

 

Адам баласының бойында шыншылдық, құрмет тұту, оптимизм сияқты қасиеттерді ұнатамын. Өтірік айту мен сатқындықты жаным сүймейді.

 

Үйленгенмін, ұлым Артур мен қызым Маргарита өсіп келеді.

 

Rus Eng Kaz Türkçe (Turkish)