Жаңалықтар       
29.08.2010

Конституция күнімен құттықтаймыз!

Барша қазақстандықтарды 31-тамыз Конституция күнімен құттықтаймыз! Еліміздің азаттығы мәңгілік болсын! Әр отбасына ынтымақ, береке, бақыт тілейміз!          Құрметпен,"Ұлытау" тобы

 

толығарақ >>

05.08.2010

Сардиния аралында демалып қайтпақ

«Ұлытау» тобы кезекті гастрольдік сапармен Италия еліне ұшып кетті. Италиялықтарға қазақ және әлемдік классиктердің шығармаларын тарту еткен соң, жаздың жайма шуақ күндерінің аяқталып келе жатқанын ескере отырып, ұлытаулықтар мен топ продюсері Қыдырәлі Болман Сардиния аралында демалып қайтпақ.

толығарақ >>

30.07.2010

«Ұлытау» тобы Түркияда

Осы аптада «Ұлытау» тобы кезекті ән сапармен Түрік мемлекетіне барып, Анталияда концерт беріп қайтты. «Ұлытау» тобы - бүгінде архитектуралық ескерткішке айналған көне Амфитеатрда, Жерорта теңізінің жағалауында арнайы құрылған сахнада, аталмыш қаланың клубтарының бірінде концерттер берді.Ұлытаулықтардың өнерін тамашалауға келген түрік ағайындар мен қонақтар өз алғыстарын жаудырып жатты. Ал, Түркияның үлкен телеарналарының бірі ТРТ «Ұлытаудың» концертін екі сағат тікелей эфирден берді.

толығарақ >>



Мен Қырғызстанның Бішкек (Фрунзе) қаласында дүниеге келдім. 1998 жылы «Восток-5» ықшам ауданында орналасқан №66 орта мектебін бітірдім. Кішкентай күнімде ағам түрлі дыбыс шығаратын музыкалық аспаптар сыйлайтын. Солардың қатарында менің алғашқы ойыншық барабаным да бар еді. Анам менімен бірге ән жаттайтын, ал әкеме қарап гитараны үйрендім. 1992 және 1997 жылдар аралығында сабағыммен қатар бал билерімен  айналыстым, бүгінгі таңда мен мамандандырылған инструктормын.



1996 жылдың желтоқсан айында мен алғаш рет ударную установку отырдым. Гитарада ойнауды үйрендім, клавиштік аспаптаптарды да меңгердім, бірақ бәрі әуесқойлық деңгейде ғана еді, мектепте рок тобын құрастырмақ та болдым.

1998 жылы Туризм Академиясына оқуға түстім. Жоғары оқу орнында оқып жүріп, хорда ән айттым. Баранбаншы ретінде көптеген топтар мен жобаларға қатыстым (жалпы саны 25 шақты). Солардың ішінде «Халлиганы и РА», «Брат Фидель» және басқалары бар. Халлиганда біз brit-pop, ska ойнадық, рок-клубтық жастардың арасында беделіміз зор еді! Қыздар біздің концертімізде көз жасын ағызатын, ал жігіттер жағы хор жинап, барынша көңіл көтеретін. Жаздырған әндеріміз радиодан таратытылды. Фанаттарымыз да болды, тіпті кейбіреулері сапасы төмен болса да, таспаға біздің концерттерімізді жазып алыпты.

2007 жылы мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Ұлытау» тобындамын. Топ туралы мен бұрын да естігенмін, стильдердің араласуы мен ұлттық және классикалық аспаптарды біріктіру мені қатты қызықтырды. Ойламаған жерден телефон қоңырауы соғылды, мені топқа шақырды. Мен өз құлағыма сенбедім! Қатты таң қалдым! «Ұлытау» тобының арқысында мен жасөпірім кездімде журналдардан таныған Джой де Майо  мен Эрик Адамс (Manowar) сияқты алып рок-музыканттармен таныстым.

 

Жұлдызы – Арыстан.

 

Сүйікті тағамы – көбіне тамақ талғамаймын. Шығыс және еуропа тағамдарын ұнатамын.

 

Ұнататын түсі -  жасыл, алқызыл.

 

Үйленген, Диана есімді қызым бар.

 

Rus Eng Kaz Türkçe (Turkish)