Жаңалықтар       
29.08.2010

Конституция күнімен құттықтаймыз!

Барша қазақстандықтарды 31-тамыз Конституция күнімен құттықтаймыз! Еліміздің азаттығы мәңгілік болсын! Әр отбасына ынтымақ, береке, бақыт тілейміз!          Құрметпен,"Ұлытау" тобы

 

толығарақ >>

05.08.2010

Сардиния аралында демалып қайтпақ

«Ұлытау» тобы кезекті гастрольдік сапармен Италия еліне ұшып кетті. Италиялықтарға қазақ және әлемдік классиктердің шығармаларын тарту еткен соң, жаздың жайма шуақ күндерінің аяқталып келе жатқанын ескере отырып, ұлытаулықтар мен топ продюсері Қыдырәлі Болман Сардиния аралында демалып қайтпақ.

толығарақ >>

30.07.2010

«Ұлытау» тобы Түркияда

Осы аптада «Ұлытау» тобы кезекті ән сапармен Түрік мемлекетіне барып, Анталияда концерт беріп қайтты. «Ұлытау» тобы - бүгінде архитектуралық ескерткішке айналған көне Амфитеатрда, Жерорта теңізінің жағалауында арнайы құрылған сахнада, аталмыш қаланың клубтарының бірінде концерттер берді.Ұлытаулықтардың өнерін тамашалауға келген түрік ағайындар мен қонақтар өз алғыстарын жаудырып жатты. Ал, Түркияның үлкен телеарналарының бірі ТРТ «Ұлытаудың» концертін екі сағат тікелей эфирден берді.

толығарақ >>

Мен Шығыс-Қазақстан облысында, Лениногорск қаласында дүниеге келдім. Музыка мектебін «Баян» классы бойынша тәмәмдап, Лениногорсктің Тау-кен –металлургиялық колледжін тау электромеханигі мамандығы бойынша бітірдім.


11 жасымнан бастап гитарада ойнауды үйрендім. Ата-анам сыйлаған алғашқы гитарам «Орфей» деп аталатын, ол естелік ретінде Риддер қаласында сақтаулы. Балалық шағымда алған ең үлкен әсер – гитарист Стив Вайдың концерті еді. 14 жасымда алған әсерім менің болашағымды айқындауға ықпал еткен еді.


18 жасымда Өскемен қаласында өнер көрсетіп танылған «Форрест Гамп» хард-рок тобы өнер көрсетуге шақырды. Топтың құрамында жүріп Қазақстанның барлық аймақтарында тамаша концерттерден көріндім. Тобымыз бірнеше рок-фестивальдерде өнер көрсетті, соның арқасында танымал астаналық продюсерлердің көзіне іліндік, оның жалғасы – дарынды рокерлерлерге ұсынылған келісім-шарт болды.

 

1998 жылы Қыдырәлі Болмановпен таныстым, ол әлі дүниеге кллмеген этно-жобамен жұмыс жасауды ұсынды. Кейіннен бұл жоба көпшілікке «Ұлытау» атауымен танымал болды. Топтың құрамында оның негізі қаланған күннен бастап өнер көрсетіп келемін.

 

Жұлдызы – Бикеш.

 

Сүйікті тағамы -  лағман, бешбармақ,өзбекше дайындалған палау, манты, окрошка, борщ.

 

Ұнататын түсі – жасыл, хаки, қара.

 

Хоббиі – балық аулау, орыс моншасы, музыка, кеңес дәуірінің классикаға айналған  киносы. Жазушы-фантаст Ник Перумовтың шығармашылығын ұнатады.

 

Жүрегім бос емес, сүйіктіме өмірдегі бастамаларымда қолдау көрсетіп, түсінушілік танытқанына алғысым мол.

Rus Eng Kaz Türkçe (Turkish)