Жаңалықтар       
29.08.2010

Конституция күнімен құттықтаймыз!

Барша қазақстандықтарды 31-тамыз Конституция күнімен құттықтаймыз! Еліміздің азаттығы мәңгілік болсын! Әр отбасына ынтымақ, береке, бақыт тілейміз!          Құрметпен,"Ұлытау" тобы

 

толығарақ >>

05.08.2010

Сардиния аралында демалып қайтпақ

«Ұлытау» тобы кезекті гастрольдік сапармен Италия еліне ұшып кетті. Италиялықтарға қазақ және әлемдік классиктердің шығармаларын тарту еткен соң, жаздың жайма шуақ күндерінің аяқталып келе жатқанын ескере отырып, ұлытаулықтар мен топ продюсері Қыдырәлі Болман Сардиния аралында демалып қайтпақ.

толығарақ >>

30.07.2010

«Ұлытау» тобы Түркияда

Осы аптада «Ұлытау» тобы кезекті ән сапармен Түрік мемлекетіне барып, Анталияда концерт беріп қайтты. «Ұлытау» тобы - бүгінде архитектуралық ескерткішке айналған көне Амфитеатрда, Жерорта теңізінің жағалауында арнайы құрылған сахнада, аталмыш қаланың клубтарының бірінде концерттер берді.Ұлытаулықтардың өнерін тамашалауға келген түрік ағайындар мен қонақтар өз алғыстарын жаудырып жатты. Ал, Түркияның үлкен телеарналарының бірі ТРТ «Ұлытаудың» концертін екі сағат тікелей эфирден берді.

толығарақ >>

 

Мен Алматы қаласында туылдым. №133 спорт және гуманитарлық бейімі бар орта мектепте 9 сынып бітірдім. Футбол мен велосипед тебу ұнайтын, тіпті олармен кәсіби деңгейде айналыстым. Алматыда Вело-кросстан бірінші орын алғаным бар. Бірақ ата-анам айырылысып кеткеннен кейін пайда болған уайым, спортты да ұмыттырды.



Әкемнің 1978 жылы шығарылған гитарасында «Нирвана» мен «Битлзді» қайталамақ болып, гитарада ойнауды үйрендім. 9-шы сыныптан соң анам менің ынтамды байқап, электронды «Орфей» гитарасын сыйлады. Кейін анамның ұсынысы бойынша П.И.Чайковский атындағы колледжіне «Эстрада» факультетінің «Электрогитара» класына түстім.

Қазақстанда музыка жолымен мансап құра алмайтын шығармын деп, 2004 жылы ҚазМЮА-ға заңгер мамандығы бойынша білім алуды ұйғардым. Ал қосымша (хобби ретінде) досыммен бірге «Азазель» тобын құрдық, топ болып Горький атындағы саябақта өнер көрсеттік. 2006 жылы гитараны қойып, тек оқумен, соңынан заң саласындағы қызметіммен ғана айналыстым.



2010 жылдың қыс айында «Ұлытау» тобына бас-гитарист болуға ұсыныс түсті, іріктеуден өтіп, сол жылдың көктемінде осы кәсіби шеберлерден тұратын ұйымшыл ортаға түстім.

 

Жұлдызы – Арыстан.

 

Ұнататын түсі – қара, қызыл, қызғылт және көк, жалпы барлық түстер ұнайды.

 

Сүйікті тағамы – дәмді тағамнан бас тартпаймын! Әсіресе, итальяндық тағамдарды, теңіз өнімдерін және варениктерден.

 

Хоббиі – музыкамен, ғылыммен, географиямен және автоспортпен шұғылданамын. 47 миллиард доллар табыс тауып, еркін өмір сүруді армандаймын.

Rus Eng Kaz Türkçe (Turkish)