Жаңалықтар       
29.08.2010

Конституция күнімен құттықтаймыз!

Барша қазақстандықтарды 31-тамыз Конституция күнімен құттықтаймыз! Еліміздің азаттығы мәңгілік болсын! Әр отбасына ынтымақ, береке, бақыт тілейміз!          Құрметпен,"Ұлытау" тобы

 

толығарақ >>

05.08.2010

Сардиния аралында демалып қайтпақ

«Ұлытау» тобы кезекті гастрольдік сапармен Италия еліне ұшып кетті. Италиялықтарға қазақ және әлемдік классиктердің шығармаларын тарту еткен соң, жаздың жайма шуақ күндерінің аяқталып келе жатқанын ескере отырып, ұлытаулықтар мен топ продюсері Қыдырәлі Болман Сардиния аралында демалып қайтпақ.

толығарақ >>

30.07.2010

«Ұлытау» тобы Түркияда

Осы аптада «Ұлытау» тобы кезекті ән сапармен Түрік мемлекетіне барып, Анталияда концерт беріп қайтты. «Ұлытау» тобы - бүгінде архитектуралық ескерткішке айналған көне Амфитеатрда, Жерорта теңізінің жағалауында арнайы құрылған сахнада, аталмыш қаланың клубтарының бірінде концерттер берді.Ұлытаулықтардың өнерін тамашалауға келген түрік ағайындар мен қонақтар өз алғыстарын жаудырып жатты. Ал, Түркияның үлкен телеарналарының бірі ТРТ «Ұлытаудың» концертін екі сағат тікелей эфирден берді.

толығарақ >>

 

Мен Қызылорда қаласында туылдым. Әлия Молдағұлова атындағы №112 орта мектепті бітірдім, Қызылорда қаласындағы музыкалық мектеп пен музыкалық училищені тәмәмдадым. Сондай-ақ, Алматыдағы Құрманғазы атындағы Ұлттық Консерваторияны «Домбыра» мамандығы бойынша аяқтадым.



Мектепте оқып жүргенімде сотқар болатынмын, біз тұратын аудан да тыныш деуге келмейтін, күш көрсетіп тұратын кездер жиі болды. Мен де, өзгелер де күш көрсеттік қой. Менің музыкаға қатты қызығуым сол кезден басталған шығар (ойда басқа ештеңе жоқ еді), болашағымды да айқындаған сол музыка еді.

Балалық шағымда қарудың түрлерін жасайтынмын (рогатка, әскери оқтары бар садақ). Бірде тіпті мылтықты жинамақ болғанмын, бірақ уақытылы қолға түстім.

 

Бір сөзбен айтқанда балалық шағым қызықты өтті. Студенттік шағым да ерекше өткен еді. Көптің куәсі болдым (сурапыл 90-жылдары еді)... Жатақханаға қайтқанды жаным сүймейтін, дегенмен, басқа барар жер болмады. Жатақханада тұрғандар мені түсінер. Кейіннен ол жерде өзімді суда жүзген балықтай сезінетін болдым.

 

 



Бала кезден еркінсүйгіш және бұзық бала болып өстім. Уақыт өте келе салмақты бола бастадым. Түнгі клубтарды ешқашан ұнатқан емеспін, демалу үшін және достарыммен араласу үшін тыныш жерлерді ұнатамын. Өзімді киноактер рөлінде байқап көргім келеді. Өмір бәрін өзі көрстеді деп ойлаймын. Егер спортсмен болсам, боксті, кикбоксті және таэквандоны ұнатушы едім. Автомобильдерден BMV, Мерседес и Тойота-ны артық көремін. Өмірлік ұстанымым: Адам болып туылған соң, өмір бойы сол атты сақтау керек.

 

«Ұлытау»  тобы қалыптасқаннан күнінен бастап оның құрамындамын. Ес білгелі, 4-5 жасымнан шығар, әкем үйреткендей домбырада ойнайтынмын. Бала күнімде үлкендердің домбыра шерткендерін тыңдап ұйықтайтынмын. Бимен де, кик-боксингпен де айналыстым. Алайда зақымданғаннан кейін спортпен қоштасуға тура келді. Сол кезден бастап, музыка менің өмірімнің ажырамас бір бөлшегіне айналды.

 

Үйленгенмін, ұлым бар!

Rus Eng Kaz Türkçe (Turkish)