Топ туралы
Қазақтың «Ұлытау» этно-рок тобы 2001 жылы құрылды. Топтың құрылу мақсаты – тыңдармандарға халық шығармаларының бар сұлулығы мен бүкіл әлемге қазақ халқының мәдениетін таныстыру, сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа домбыраның қадір-қасиетін дәріптеу.
«Ұлытау» тобы – отандық және әлемдік заманауи инструменталды музыка саласындағы жаңалық, топ музыканттары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Н.Тілендиев, Бах, Вивальди, Паганини сияқты ұлы композитордың шығармаларын ерекше құлшыныспен және ынтамен орындауымен көзге түсті.
«Ұлытау» тобының мүшелері
«Ұлытау» тобының мүшелері классиктердің таңдамалы шығармалары мен қазақ классиктерінің туындыларына бірдей қызығушылық танытып келеді, түрлі тақырыптағы және дыбыстық ерекшеліктері бар туындыларды батылдықпен ойнайды. Олардан дала желінің ұйытқуы, күн көзіне күйген шөптің иісі аңқиды, тәкаппар, сәнді жылқылардың желісі байқалады, қатал жүзді ақсақалдар мен әдет-ғұрыптардың арбаушы сиқыры елестейді... Бұл өнерді "World Music" деп те атауға болады. «Ұлытаудағы» электрогитараның асқан шеберлі ұйқастары Ричи Блэкмордың ұқсас экзерсистерін еріксіз еске түсіреді, ал динамикалық және жуан дыбысының ырылдауы – Роджер Гловерді елестетеді. Музыканттар скрипканың нәзік үні мен төл дыбысымен ерекшеленетін қара домбыраның үнін ауыр роктың, блюздің... жайландыратын нью-эйдждің «мәдениетімен» тамаша үйлестіреді.